KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 1 м/с, С
478.54 533.76 5.17

Белгілі журналист, ғалым Сейдахмет Құттықадам дүниеден озды

facebook.com/Сейдахмет Куттыкадам

3.03.2024, 16:00 113 Назерке Каримова

Мемлекет басшысы қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадамның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Ақорда ақпаратына сүйеніп.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі журналист, ғалым, қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадамның дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

– Сейдахмет Рысқожаұлы ұзақ жылдар ұлттық ғылымның, отандық журналистиканың дамуына елеулі үлес қосып, ұлағатты ұрпақ тәрбиеледі. Айналасына сыйлы азаматтық болмысымен баршаның зор құрметіне бөленген Сейдахмет Рысқожаұлының жарқын бейнесі оны білетін жұртшылықтың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив