KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

ШҚО тумасы, белгілі спорт комментаторы Амангелді Сейітхан дүниеден озды

17.08.2021, 10:30 286

Белгілі спорт комментаторы Амангелді Сейітхан өмірден озды. 

Журналист соңғы 2 апта жансақтау бөлімінде жатып, коронавирустан көз жұмды.

Амангелді Муатқанұлы 1969 жылы 11 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысының Мақаншы ауданында дүниеге келген. 1991-1994 жылдары «Спорт» газетінде істеп, 1994 жылы «Қазақстан» телерадиокорпорациясында «Тұғыр» атты бағдарлама ашып, жүргізушісі болған. Ол телеарнадағы спорт бөлімінде бас редактордың орынбасары қызметін де қатар атқарды. Кейін «Құмсағат» бағдарламасының спорттық ақпараттар бойынша продюсері атанды.

Ал 1997 жылы «Хабар» арнасына ауысып, осы күнге дейін аталған агенттікте жұмыс істеп келді.

Футболдан 1998 жылы Франциядағы Әлем чемпионатында қазақ тілінде комментатор болды. Одан кейін 1999 жылы Бангкоктегі Азия ойындарын, 2000 жылы Сиднейдегі Олимпия ойындарын, 2002 жылғы Солт-Лейк-Ситидегі ақ Олимпиаданы «Хабар» арнасының эфирінде қазақша сөйлетті.

Амангелді Сейітхан 2000 жылы еліміздегі спорт журналистеріне берілетін Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты.

Спорт шарасын «жеңісті күндерде жолыққанша» деп аяқтайтынымен көрермендер ықыласына бөленген еді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив