Алтай ауданында көпбалалы аналарға әлеуметтік көмек берілді
сурет: gov.kz
Алтай ауданында Халықаралық әйелдер күні қарсаңында көпбалалы аналар мен көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетілді, хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Атап айтқанда, «Алтын Алқамен» және «Күміс Алқамен» наградталған, бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған 221 көпбалалы анаға жалпы сомасы 3 315 000 теңге мөлшерінде қаржылай көмек берілді.
Сондай-ақ кәмелетке толмаған төрт және одан да көп баласы бар 309 отбасына 4 635 000 теңге берілді. Бұл қатарда күндізгі оқу бөлімінде білім алатын, бірақ 23 жастан аспаған балалары бар отбасылардың да болғанын айта кеткен жөн.