KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Маусымда көпбалалы отбасыларға 34,9 млрд теңге жәрдемақы төленді

Фото: egemen.kz

20.07.2023, 12:04 190

Жыл басынан бері орта есеппен 545,7 мың көпбалалы отбасы жалпы сомасы 205,2 млрд теңге мөлшерінде мемлекеттік жәрдемақы алған.

Маусым айында 557,3 мың отбасыға 34,9 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді:

- 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге;

- 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;

- 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге;

- 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;

- 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 13 800 теңге мөлшерінде жәрдемақы төленеді.

Еске салайық, көпбалалы отбасыларға олардың табысын есепке алмай берілетін мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты аясында енгізілген.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 8,5%-ға артқан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу