KZ
Өскемен
-11°
туман жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да 12,6 мың анаға жәрдемақы берілді

шартты сурет

17.01.2023, 12:06 378 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысында 12,6 мың анаға бір реттік және ай сайынғы жәрдемақы түріндегі көмек тұрақты түрде көрсетіліп келеді.

Бұл туралы облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Альмира Мусинова айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Маманның айтуынша, қазір облыс аумағында «Алтын алқа», «Күміс алқа», бұрын «Батыр ана», сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналардың саны – 5661 адам, ал төрт және одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар көпбалалы отбасылар саны – 7112.

– Қолданыстағы заңнама аясында ана мен баланы біржолғы және ай сайынғы жәрдемақы төлеу түріндегі мемлекеттік қолдау тетіктері көзделген. Сонымен қатар облыстық бюджет есебінен жыл сайын 8 наурызға қарсы «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем жүргізіледі. Сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмек азаматтардың аз қамтылған санаттарын мемлекеттік қолдаудың негізгі құралдарының бірі болып есептеледі, – дейді Альмира Мусинова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу