KZ
Өскемен
-3°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
519.61 610.13 6.54

8 наурызда ШҚО-дағы көпбалалы аналар 14 585 теңге алады

17.02.2021, 15:15 378

Халықаралық әйелдер күніне орай ШҚО-дағы көпбалалы аналарға ақшалай төлем беріледі. Қаржылай көмек төрт және одан да көп бала тәрбиелеп отырған әйелдерге тағайындалады.

- Сондай-ақ ақшалай төлемді «Алтын алқа», «Күміс алқа» немесе бұрын «Батыр ана», «Ана Даңқы» ордендерімен марапатталғандар да ала алады. Төлем мөлшері 5 АЕК (14 585 теңге) құрайды. Бұл атаулы және мерекелі даталарға арналған төлем категориясы, - деп хабарлады ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының әлеуметтік төлемдер бойынша бөлім басшысы Бұлбұл Балабекқызы. 

Мемлекеттік көмек 8 наурыздан кейін берілетінін айтып өтейік. Төлемді алу үшін «Қазпочта» АҚ филиалдарына хабарласу жеткілікті. Өзіңізбен бірге жеке куәлік болуы керек.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу