KZ
Өскемен
-18°
пасмурно жел 1 м/с, С
505.71 591.43 6.65

Аягөзден Қостанайға гуманитарлық көмек керуені жөнелтілді

8.09.2022, 10:37 876

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Шығыс Қазақстаннан Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккен тұрғындарға арнайы көмек жіберілген болатын. Көмек жинау үшін Аманат партиясының облыс орталығындағы және өзге де қала-аудандардағы филиалдарында жедел орталықтар ашылған еді.

Бұл игілікті іс-шара Аягөз ауданында да жалғасын тапты.

Аягөз гарнизоны баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Қарулы күштердің әскери қызметшілері өртті сөндіру жұмыстарына да қолғабыс етуде. Бұдан бөлек өрттен зардап шеккен тұрғындарға азық-түлік және бірінші кезектегі қажетті заттарды жөнелтілді.

«Аягөз гарнизоны Қостанай облысына гуманитарлық көмек керуенін жөнелтті», - деп жазылған хабарламада.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу