KZ
Өскемен
-15°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Қазақ тілі бизнестің, ғылым мен техниканың тіліне айнала бастады – Президент

сурет: t.me/aqorda_resmi

15.03.2024, 15:48 150 Оразай Жеңісұлы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында тіліміздің қолдану аясын кеңейте түсу мемлекеттік саясаттың басты бағыты болып қала беретінін айтты, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.

Президент ана тілді ұлықтау біз үшін мызғымас ұстаным екенін атап өтті.

– Елімізде қазақ тіліне деген сұраныс жыл өткен сайын артып келеді. Қазақ тілі бизнестің, ғылым мен техниканың тіліне айнала бастады. Бұл үрдісті одан әрі дамытудың ең тиімді әрі төте жолы – ағартушылық.

Қазір ірі кітап дүкендерінде қазақ тіліндегі туындылардың үлесі арта түсті. Соңғы кезде баспагерлердің жаңа буыны әлемдік бестселлерге айналған шығармаларды аударып жүр. Көптеген кітаптарды шығарып жатыр. Аударылған кітаптардың ішінде көркем әдебиет қана емес, іскерлік бағыттағы туындылар да көп. Мемлекеттік саясаттың мәні – осында, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент мемлекеттік тілге қатысты құр сөзден ештеңе шықпайтынын, одан да нақты іске көшу жөн екенін атап өтті.

– Ешкімді мәжбүрлемей, күнделікті өмірдегі қажеттілікті арттыру арқылы тіліміздің тұғырын нығайта береміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу