KZ
Өскемен
-18°
туман Штиль
505.17 599.54 6.59

Шипажайлар тасқыннан зардап шеккендерді тегін қабылдайды

gov.kz

13.04.2024, 22:00 369 Назерке Каримова

Бұл мақсатта 16 санаторийлік-курорттық ұйым анықталды.

Оның 12-сі Түркістан облысында, қалғаны Бурабай, Семей, Алматы және Ақтөбе облысында, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ақпаратына сүйеніп.

- Жалпы алғанда, бұл нысандар бір мезгілде 190 адамды қабылдай алады, оңалту курсы 10-нан 14 күнге дейін болады, бұл зардап шеккендерді мүмкіндігінше санаторийлік емдеумен қамтуға мүмкіндік береді, - деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі. - Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ жергілікті атқарушы органдарға санаторийлерде дереу орналастыру қажет адамдардың тізімін ұсыну қажеттігі туралы хабарлады.


Су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына, соның ішінде балаларға қажетті медициналық көмек және психологиялық оңалту көрсетіледі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу