KZ
Өскемен
+1°
туман жел 4 м/с, Ю
494.87 520.65 4.91

Ақтөбе облысында 400-ге жуық адамнан материалдық шығынды өтеуге өтініш түскен

t.me/KZgovernment

7.04.2024, 23:00 170 Назерке Каримова

Облыс бойынша су тасқынынан зардап шеккен 94 тұрғынға 28 млн теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлемдер төленді, деп хабарлайды  Altainews.kz сайтының тілшісі ҚР Үкіметінің ақпаратына сүйеніп.

Жалпы 2024 жылдың 7 сәуіріндегі жағдай бойынша біржолғы төлемді алуға 346 отбасы ниет білдірген.

Тасқыннан зардап шеккен тұрғындар мен кәсіпкерлердің материалдық залалдарын есептеу үшін Ақтөбе облысының әр ауданында жеке комиссиялар құрылды.

- Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған гуманитарлық көмек жинау орталығы жұмыс істейді, - деп хабарлады ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі. - Барлығы 10 күн ішінде шамамен 300 тонна (210 тонна азық-түлік, 80 тонна азық-түлікке жатпайтын тауарлар, 0,2 тонна дәрі-дәрмек) жиналды. Оның ішінде 215 тонна тауарлар мұқтаж тұрғындарға таратылды. Гуманитарлық көмекті зардап шеккен аудандарға жеткізуге 8 524 ерікті көмектесуде.


Қазіргі уақытта Ақтөбе облысының су тасқынына қарсы іс-шаралар жөніндегі жедел штаб жұмысын вице-премьер Серік Жұманғарин үйлестіруде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу