ШҚО: Оңалту орталығында 900-ге жуық бала көмек алды
Фото: ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы
Ағымдағы жылдың алты айында ШҚО-дағы оңалту орталығында 900-ге жуық бала көмек алды.
ШҚО ана мен бала орталығының жанындағы оңалту орталығында тірек-қимыл аппаратының бұзылуы, жүйке жүйесінің аурулары бар балалар ем қабылдайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Ағымдағы жылдың басынан бастап оңалту іс-шараларымен тәулік бойғы стационарда 727 бала және күндізгі стационарда 140 бала қамтылған. ШҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, балаларға арналған оңалту медициналық қызметтеріне әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жергілікті филиалы 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.
Оның айтуынша, мамандар үнемі отандық және шетелдік білім беру әдістемелері бойынша білімін жетілдіріп отырады. Оңалту логопед, психолог және дефектолог сабақтарынан тұрады.
Оңалту бөлімшесі тірек-қимыл аппараты бұзылған, туа біткен даму ақаулары және қозғалыс бұзылыстарымен бірге жүретін жүйке жүйесінің басқа да аурулары бар балалар мен жасөспірімдерге (медициналық оңалтудың 2 және 3 кезеңдері) көмек көрсетеді. Оңалту курсы – 21 күн.