Катонқарағайда жол бойында сілеусін жүр (видео)
көрнекілік сурет: depositphotos.com
Катонқарағай ұлттық паркі өлкемізде сирек кездесетін аң-құстарды үнемі фототұзаққа түсіріп, суреттерді желіде жариялап келеді. Бұл жолы парк қызметкерлері жариялаған бейнежазбадан сілеусінді көруге болады.
Орман ішінде кетіп бара жатқан сілеусінді бейнежазба авторы Сөгір-Барлық екі ортасынан түсіріп алған , деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Сілеусін – сүтқоректілер класы жыртқыштар отрядының мысықтар тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Таулы алқаптардың қылқан және жалпақ жапырақты орман өскен белдеулерін мекендейді. Оның дене тұрқының ұзындығы 87-104 см, салмағы 13,2-23,2 кг дейін жетеді.