Катонқарағай ұлттық паркі өртеніп жатыр
![](/kz/engine/skins/images/noimage.jpg)
Катонқарағай ұлттық табиғи паркі өртеніп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Өрт таулы аймақта шыққан. Дәлірек айтсақ, Рахманов орман шаруашылығының Берел филиалына қарасты аумақта. Мамандардың айтуынша, бұл жерге адам аяғының жетуі оңай емес. Жалын шамамен 20 гектар аумақты шарпыған.
– Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, – деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға орнында Ұлттық парк пен Қазавиаорманқорғау қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Оқи отырыңыз