Семейге сілеусін кіріп кетті
Семейде тұрғын үй жертөлелерінің бірін сілеусін мекендеп алған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қаланың Океан ауданындағы тұрғындар ветеринарлық қызметке хабарласып, жертөлені жыртқыш аң мекендеп алғанын мәлімдеген. Мамандар аталған мекенжайға жетіп, сілеусінді 6 сағаттың ішінде ұстады.
– Мамандар сілеусінді ұстап, торға қамады. Жыртқыш аң жертөледе жүрген 20-дан астам мысықты жеп қойған, – деді мәлімдеді ШҚО «ОСА» қоғамдық ұйымы.
Еске салайық, тұрғындар өткен желтоқсан айында қала көшелерінен сілеусінді тағы да байқаған еді. Бұл туралы әлеуметтік желілер де жарыса жазып, тіпті бейнежазбасын да жариялаған.
Оқи отырыңыз