KZ
Өскемен
-1°
пасмурно Штиль
494.87 520.65 4.91

Кәсіби мерекеде 2637 медицина қызметкері марапатталды

pixabay.com

16.06.2024, 18:00 121 Назерке Каримова

Бүгінгі таңда мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінде 270 мыңнан астам медицина қызметкері жұмыс істейді.

Биыл кәсіби қызметіндегі айрықша еңбегі үшін «Еңбек ардагері» медалін 250 медицина қызметкері алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігі ақпараты бойынша, медицина саласының 596 өкілі «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісін 614 медицина қызметкері алды, 600 қызметкерге құрмет грамоталары табысталды және 577 дәрігер алғыс хаттар алды.

Мемлекет басшысы Қазақстанның барлық медициналық қауымдастығын кәсіби мерекелерімен құттықтады.

- Күн сайын перзентханаларда, жедел жәрдемде және операциялық үстелде медицина қызметкерлері адамдардың өмірі үшін үлкен жауапкершілік алады. Күн сайын мыңдаған шақыртулар, емдеуге жатқызу және емханаларда науқастарды қабылдау, сәтті босандыру және күрделі операциялар жүргізіліп жатады. Бұл біздің медицина қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің нәтижесі. Біз медициналық персоналдың ыңғайлы жұмыс істеуі үшін жағдай жасаймыз, еңбекақыны жақсартамыз, бұл медициналық көмектің сапасын арттырады. Дәрігердің еңбегі барған сайын құрметке ие болуда және біз қазақстандық медицинаның жетістіктерін мақтан тұтамыз, - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова медицина қызметкерлеріне.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу