KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 1 м/с, С
494.87 520.65 4.91

Еліміздің үздік мейіргерлері марапатталды

Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

13.05.2024, 22:09 141 Айжанат Бақытқызы

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегі бойынша, Қазақстанда медициналық ұйымдарда 190 мыңнан астам орта медицина қызметкері жұмыс істейді. Оның ішінде 54 мыңнан астамы ауылда еңбек етеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Орта медицина қызметкерлерінің денсаулық сақтау саласындағы рөлі баға жетпес. Өйткені науқастарға көрсетілетін барлық қамқорлықтың 80%-ы мейіргерлерге жүктеледі.

Мейіргерлер, әсіресе ауылдық жерлерде жұмыс істейтіндер, жаңа туған нәрестелерден бастап қарттарға күтім жасауға дейінгі медициналық көмектің толық спектрін қамтамасыз ете отырып, тұрғындардың денсаулығына үлкен жауапкершілікпен қарайды.

«Мейіргерлер Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіндегі ең көп кәсіби топтардың бірін құрайды. Уақыт талабына сәйкес орта медицина қызметкерлерінің емдеу процесіне қатысуы, науқастың денсаулығы үшін кәсіби жауапкершілік сияқты міндеттері артып келеді. Мейіргерлердің күнделікті еңбектері мен шыдамдылығы, көп жылдық тәжірибесінің арқасында науқастардың денсаулығы қалпына келуде»,- дейді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Кәсіби мереке қарсаңында Қазақстанның мейіргер ісінің 350-ден астам үздік маманы «Еңбек ардагері» медалімен, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен, Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу