KZ
Өскемен
-12°
туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

ШҚО-да 139 медицина қызметкері коронавирус жұқтырып алған

21.07.2020, 04:18 188

Шығыс Қазақстанда 139 медицина қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырып алды, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан.

«Өкінішке қарай, бүгінде облыста 139 медицина қызметкері ауруға шалдығып, қазір емделіп жатыр. Бұл – медицина қызметкерлеріне жүктеменің артуының тағы бір себебі. Медицина мамандарының жетіспеушілігін университеттер есебінен және емхана қызметкерлерін қосымша тарту арқылы шешуге тырысып жатырмыз. Медицина қызметкерлері мен бас дәрігерлердің мәліметі бойынша, оларда коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастарды емдеу үшін стационарларда қажетті қор жеткілікті», - деп хабарлады облыстың бас дәрігері онлайн-брифингте. 

Илияс Мұхамеджанның атап өтуінше, Шығыс Қазақстанға кезең-кезеңімен гуманитарлық көмек келіп жатыр. Оны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірге өңірдің барлық стационарларына таратуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу