KZ
Өскемен
-4°
снег жел 1 м/с, СШ
505.17 599.54 6.59

«Жетісу» футбол клубының спорт директоры сотталды

pixabay.com

18.08.2024, 17:00 309 Назерке Каримова

Ол 5,5 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ақпаратына сүйеніп.

Талдықорған қалалық соты «Жетісу» футбол клубының спорт директоры Д.М. Иманқұловқа қатысты үкім шығарды.

– Ол футболшының еңбек шартына бонус беру сылтауымен 5,5 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын алаяқтық жолмен жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот үкімімен оған 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды, – деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.


Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу