ШҚО-да мектеп директоры сотталды
Шығыс Қазақстан облысында мектеп директоры сотталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
7 қазан күні Ұлан аудандық соты аудан мектептерінің бірінің директорына қатысты үкім шығарды. Белгілі болғандай мектеп директоры АИ-92 маркалы жанар-жағармайға талондарды ұрлау арқылы бюджет қаражатын жымқыру күдігіне ілінген.
- 2020 жылғы 07 қазанда Ұлан аудандық сотының үкімімен «Асубұлақ орта мектебі» КММ директоры Б.К. Катренова 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді, - деп хабарлайды ведомстваның баспасөз қызметі.
Сот шешіміне сәйкес, сотталушы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.