KZ
Өскемен
+1°
небольшой снег жел 2 м/с, СБ
505.53 593.44 6.34

Алтай ауданында коммуналдық кәсіпорын есепшісі 12 млн теңге жымқырған

Фото: stan.kz

17.05.2024, 11:14 335 Ләззат Қанатқызы

Алтай ауданында 12 млн теңге жымқырған коммуналдық кәсіпорын есепшісі сотталды.

Коммуналдық кәсіпорын қызметкері өзінің жеке банктік шоттарына бюджет қаражатын заңсыз аударып алған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

-        Өзінің қызметтік лауазымын асыра пайдаланған есепші бірнеше жыл бойы мемлекеттік бюджет қаражатын жеке банктік шоттарына заңсыз аударып отырған. Бүгінде келтірілген шығын көлемі 12 264 882 теңгені құрап отыр, - деді Алтай аудандық сотының баспасөз қызметі.

Шоттағы ақша жетіспеушілігі анықталған соң іс сотқа жеткізілді. Сот шешімімен әйел ақша жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Сотталушыға 3 жарым жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу