KZ
Өскемен
-12°
плотный туман Штиль
498.55 524.28 4.75

«Қазақфильм» ұлттық киностудиясы» АҚ вице-президенті сотталды

9.06.2024, 17:00 144 Назерке Каримова

Алматы қаласының Бостандық аудандық соты Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы» АҚ бұрынғы вице-президенті Жұбандықовқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ақпараты бойынша, ол Алматы облысы Іле жағалауындағы «Көшпенділер» киножобасы шеңберінде салынған «Түркістан қаласы» Бутафорлық бекінісін заңсыз іске асыру арқылы, нарықтық құнынан 44 есе төмен бағамен мемлекетке залал келтіре отыра жымқырғаны үшін сотталды.

Сот үкімімен Жұбандықовқа шартты түрде 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, активтерді қайтару бойынша жүргізілген жұмыстар жер учаскесі мен бекініс мемлекет меншігіне қайтарылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу