Халықты жұмыспен қамтуға бөлінген қаржыны талан-таражға салған
![](/kz/uploads/posts/2024-08/wallet-1013789_1280.webp)
pixabay.com
Түркістанның еңбек мобильділігі орталығында іс жүзінде жұмысқа тұрмаған адамдарға 130 млн теңге төленген.
Қаржылық мониторинг агенттігі облыс прокуратурасының үйлестіруімен Халықты жұмыспен қамту саласы бойынша бөлінген бюджет қаражатын талан-таражға салу деректеріне қатысты бірнеше қылмыстарды әшкерелеген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-ның қызметкерлері мемлекетке 130 млн теңгеден астам залал келтірген.
– «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-ның жауапты тұлғалары «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында субсидияланған жұмыс орындарына қатысушы тұлғалардың жалақыларын төлеу барысында, бірқатар кәсіпорындардың басшыларымен адамдар тобы болып сөз байласа отырып, мекемелерде іс-жүзінде жұмыс жасамайтын 132 азаматтың жеке деректерін «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізіп, оларға аударылған айлық жалақыларын иемденіп отырған, – деп хабарлады ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі.
Тергеу жалғасуда.
Оқи отырыңыз