KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 3 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмысын тоқтатады

сурет интернеттен алынды

22.06.2023, 17:00 233 Оразай Жеңісұлы

1 шілдеден бастап Әлеуметтік кодекстің күшіне енуіне орай, Қазақстанда жұмыспен қамту орталықтары жойылады.

Бұлардың орнына облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда Еңбек мобильдігі орталықтары құрылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Орталықтардың филиалы "Мансап орталығы" деген атаумен жұмыс істейді. Еңбек мобильдігі орталықтары "Халықты жұмыспен қамту туралы" ҚР Заңы негізінде жұмыс істейді. "Жастар практикасы", "Алғашқы жұмыс орны", "Күміс жас", "Ұрпақтар келісімшарты" жобаларын жүзеге асырады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда қазақстанда 207 жұмыспен қамту орталығы бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив