«Бюджет қаражатын талан-таражға салу». ШҚО-да 15 қылмыстық іс тергеліп жатыр
Шығыс Қазақстан облысында бюджет қаражатын талан-таражға салуға байланысты 15 қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы «Antikor.live» жобасына қатысқан облыстық экономикалық тергеу департаментінің басшысы Талғат Қайыпберген мәлімдеді.
– Жалпы биыл департаментте 194 қылмыстық іс қаралды. Оның ішінде 113 іс аяқталып, сотқа 96 қылмыстық іс жолданды. Мемлекетке үш миллардтан астам шығын қайтарылып, 430 миллион теңгенің мүлкі тәркіленді. Жүргізілген жедел іздестіру шаралары нәтижесінде заңсыз қаржы операцияларымен айналысқан ұйымдасқан 4 қылмыстық топ ұсталды. Сондай-ақ бюджет қаражатын талан-таражға салуға байланысты 15 қылмыстық іс тергелуде, – деп атап өтті экономикалық тергеу департаментінің басшысы тікелей эфир барысында.