KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, СБ
442.05 474.14 4.74

ШҚО әкімі құтқарушыларды кәсіби мерекемен құттықтады

19.10.2022, 15:04 230

ШҚО әкімі Даниал Ахметов құтқарушыларды кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

-        Құтқарушы - аса қадірлі әрі жауапты мамандықтардың бірі. Құтқарушылар күн-түн демей, ауа райына немесе басқа да қолайсыздықтарға қарамастан, кез-келген уақытта көмекке келуге дайын тұрады. Олардың алға қойған басты міндеті – халықтың тыныш өмірін, тұрмыстағы, өндірістегі қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, апаттық жағдайға жол бермеу. Бұл жай ғана мамандық емес, бұл - нағыз ерлік пен батылдықтың адамдары. Осы мереке күні барлық құтқарушыларға қажырлы еңбегі үшін алғыс айтқым келеді. Сіздерге шын жүректен төзімділік, зор денсаулық, бақыт, қиын және қауіпті жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін! – деп жазды аймақ басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив