KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 5 м/с, З
480.63 535.13 5.27

Мемлекеттік қызметтердің 98 пайызы электрондық түрде көрсетіледі – ШҚО

29.10.2020, 12:24 124

Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметтердің барлығы дерлік электрондық түрде көрсетіледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы  ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ерік Татубаев мәлімдеді.

– 2020 жылдың 9 айы бойынша қорытынды деректерге тоқталсақ,  барлығы 1 124 633 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде 1 109 672 қызмет (98,7%)  электрондық түрде көрсетілді. Өткен жылы бұл көрсеткіш 92,8% болған еді. Жалпы мемлекеттік кірістер органдары көрсететін 44 мемлекеттік қызметтің 39-ы немесе 88,6%-ы автоматтандырылған, бұл ретте 34 қызмет электрондық үкімет порталында қолжетімді, – деп Ерік Мұхамедқанапияұлы «ANTIKOR LIVE» республикалық жобасы аясында тікелей эфирінде.

Маманның айтуынша, 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап «eSalyq», яғни «Салық әмияны» мобильді қосымшасы жұмыс істейді. Осы арқылы салық төлеушілер қыруар уақыт үнемдейді және банктерге комиссия төлеуге мәжбүр болмайды. Қазіргі уақытта салық әмиянын пайдаланушылар саны 78 мыңнан асады. Бұл қосымша App Store және Play Market-те қолжетімді екенін айта кетейік.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив