KZ
Өскемен
-13°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Шығысқазақстандықтар әлеуметтік желілерде «Маска тағыңыз» акциясын бастады

26.10.2020, 16:45 151

COVID-19 індетін жұқтырғандар санының көбеюіне алаңдаған аймақ тұрғындары әлеуметтік желілерде қауіпсіздік шараларын сақтауға және ең алдымен бетперде киюге шақыратын челлендж ұйымдастырды.

Сториске сурет салғандардың немесе өзін мысал ретінде келтіре отырып, белгілі бір хэштег арқылы пост жазғандардың барлығы жақындарын қорғаудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Егер, бірінші толқын кезінде күмәнданушылар әйтсе де болған болса, қазір адамдар не болып жатқанын нақты түсінеді. Сондықтан олар бүкіл отбасы болып, адамдарды қауіпсіздікке шақырады. Әлеуметтік желілерде жарияланған әрбір хабарлама - бұл белгілі бір адамның тарихы. Біреу өз тәжірибесімен бөліседі, біреу көрген және естіген нәрселерін айтады. Көбінде - вирустың таралу көзі бола алатын тәуекел тобындағы егде жастағы ата-аналары, ауруға оңай төзсе де кішкентай балалары бар.

- Мен үйден шықпас бұрын, баратын жеріміз мейлі дүкен, мейлі саябақ немесе емхана болсын өзіме және балама маска тағамын,- дейді Өскемен қаласының тұрғыны Елена. Қазір күз, және бұл адамдар жиі ауыраты мезгіл. Егер, әркім өзін қорғауға жауапкершілікпен қарайтын болса, біз індеттің зардабын ең аз шеккендердің қатарында болатынымызға сенімдімін. Достарым мен таныстарым мұның қаншалықты маңызды екенін көріп, ойлануы үшін челленджді қолдаймын. Маска киіңіз! Қолыңызды жиі жуыңыз! Антисептикті қолданыңыз! Өйткені, бұл қиын емес…

Коронавирустық инфекцияның екінші толқыны бүгінде көптеген елдерде басталып кетті десе болады. Мысалға, көршілес жатқан Ресейде ауырғандардың саны қазірдің өзінде қайтадан жүздеген мыңға жетіп отыр.

Аймақ билігі ауруханалардың толып кетуіне жол бермеу, барлық қажетті зерттеулерді уақтылы жүргізу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда. Алайда, өз денсаулығымыз үшін жауапкершілік әрқайсымыздың өз мойнымызда екенін ұмытпағанымыз жөн. Мұны челлендж қатысушылары да жақсы түсініп, қолдап отыр. Санитарлық нормалар мен әлеуметтік қашықтықты сақтау және маска кию - бұл коронавирустық инфекциямен қатар маусымдық тұмаумен аурудың да алдын-алудың ең тиімді тәсілі. Белсенді шығысқазақстандықтар бетперде киіп, жақындарына қамқорлық жасауға шақырады. Егер біреу әлі де ресми көздер мен дәрігерлерге сенбесе, онда туыстарының, достарының, әріптестерінің кеңесіне құлақ асқаны жөн.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу