ШҚО-да алты адам суға кетті

Шомылу маусымы басталғалы бері Шығыс Қазақстанда алты адам суға кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Суға батып бара жатқан тағы 9 адам дер кезінде құтқарылды. Бұл туралы облыстық ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Руслан Орынбеков айтты.
– Жалпы облыс аумағында бірінші жағалау сызығында орналасқан 49 демалыс базасы бар. Ондағы айдындардың түбін тексеру және тазалау жұмыстары жүргізілді. Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша демалыс базаларының басшылығымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды, – деді азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Руслан Орынбеков айтты.
Оның айтуынша, өңірде 5 коммуналдық жағажай құрылған.