Семейде медициналық оңалту орталығы ашылды

Семей қаласындағы №6 емхана базасынан медициналық оңалту орталығы ашылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл орталықта негізінен ауыр ота жасалған науқастар жатады. Мамандар олардың тезірек аяққа тұруына жағдай жасайды. Сондай-ақ инсульт алған адамдар да жарты жылда бір рет жатып, сауықтыру емін алады. Оңалту орталығы неврология, травмотология және кардиология бағытында жұмыс істейді.
Айта кетейік, Семей қаласында мүгедек жандарды оңалтуға арналған тағы бір медициналық орталық салынуы мүмкін.
Оқи отырыңыз