KZ
Өскемен
-7°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Семей қаласына оңалту орталығы салынады

19.02.2020, 06:38 246

Семей қаласына оңалту орталығы салынады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, облыс әкімі тұрғындар алдында есеп беруде. Жанар Жеңісова есімді Семей қаласының тұрғыны аймақ басшысына видео-сауал жолдады.

- 12 жастағы мүгедек балам бар... Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы қаламызға іссапармен келген кезде, Оңалту орталығын салу керектігін айтқан еді. Сол орталық қашан салынады? - деді Семей тұрғыны.

- Мемлекет басшысының тапсырмасы міндетті түрде орындалады. Қазіргі уақытта сараптама жұмыстары жүргізілуде. Айталық Семейде 1304 мүмкіндігі шектеулі бала бар. Оның ішінде 489 бала оңалту орталығына қаралуы тиіс. 140 балаға стационарлық күтім қажет. Мамыр айында талдау жұмыстары толық аяқталады. Содан кейін құрылыс жұмысына кірісеміз. 2021-2023 жылға қарай оңалту орталығы халық игілігінде болады, - деп жауап берді Даниал Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу