Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Айдын Кәрімов Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды әкімдік баспасөз қызметі.
"Президент Әкімшілігімен келісе отырып, облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың өкімі бойынша Кәрімов Айдын Мейрамбекұлы облыс әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Айдын Мейрамбекұлы Кәрімов Семей қаласында 1988 жылы туған. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қазақ қаржы-экономикалық академиясын, ҚАЗГЗУ университетін тамамдаған.
Еңбек жолын 2006 жылы бастаған. Түрлі жылдары ҚР ТЖМ «Есептеу техникасы, телекоммуникациялар, информатика және ситуациялық талдау» РМК, «АйТи-Сервис» ЖШС, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Телекоммуникациялар саласындағы техникалық сүйемелдеу орталығы» РМК, Астана және Семей қалалары әкімінің аппараттарында қызмет еткен.
2012-2016 жылдары ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің (қазіргі ҚР Сауда және интеграция министрлігі) Халықаралық экономикалық интеграцияны реттеу департаментінің директорының орынбасары, басқарма басшысы, бас сарапшысы болып жұмыс істеді.
2016 жылдан бастап ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымында жұмыс істейді: 2016-2017 жылдары — Сыртқы байланыстар және хаттама бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 2017-2019 жылдары — Сыртқы байланыстар және хаттама бөлімінің меңгерушісі – ҚР Премьер-Министрінің хаттама шефі.
2019 жылдың сәуір айынан ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Сыртқы экономикалық ынтымақтастық және хаттама бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарды.