KZ
Өскемен
-13°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО: Әрбір үшінші үйде қауіпсіздік талаптары сақталмаған

9.01.2023, 16:37 547 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да бірнеше тұрғын жылыту пешінің мұржасы тартпай қалу себебінен көмірқышқыл газына уланған.

ШҚО ТЖД мәліметінше, ауа райының күрт жылынуы салдарынан пеш тартпай қалуы мүмкін, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

8 қаңтар күні Глубокое ауданындағы Опытное поле ауылында 1975 жылы туған әйел мен оның 2006 жылы туған қызы уланған.

- Осыған ұқсас жағдай Риддер қаласына қарасты Бутаково ауылында да болды. 19 жастағы тұрғын уланып, ауруханаға жатқызылды. Негізінен бұл үйлерге ТЖД қызметкерлері қауіпсіздік нұсқауларын жүргізген болатын. Айта кету керек, тұрғын үйлерде пештің мұржалары бітелмеген. Тек күн райының күрт жылынуы мұржаның жұмысына әсер еткен, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин әрбір үшінші үйде қауіпсіздік талаптары сақталмағанын айтады.

- Халықтың қауіпсіздігі үшін жылыту кезеңі аясында ШҚО ТЖД қызметкерлері тұрғын үй секторында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Қазірдің өзінде 137 000-нан астам үй қамтылды. ШҚО ТЖД мамандары әр отбасында өрт-профилактикалық жұмыстарын жүргізді. Рейдтер әрбір үшінші үйде қауіпсіздік талаптары сақталмағанын көрсетеді, - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин.

Сондай-ақ ол ШҚО ТЖД қызметкерлерінің тұрақты ескерту жұмыстарына қарамастан, тұрғындар үйлердің қауіпсіздігі тек олардың иығында екенін түсінуі керектігін ескертті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу