Коронавирус пен пневмониядан тағы 12 адам қайтыс болды
12 қазақстандық бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды.
Қайтыс болғандар арасында 2 адамнан пневмония, 10 адамнан коронавирус анықталған.
15 қаңтардағы мәлімет бойынша, 55 837 адам коронавирус инфекциясынан (54 157 КВИ+ және 1 680 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:
- 5 516 пациент стационарда,
- 50 321 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 211 адамның жағдайы ауыр,
- 86 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 47 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
Оқи отырыңыз