KZ
Өскемен
-12°
туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

Коронавирус және пневмония: тағы 20 адам қайтыс болды

12.02.2022, 14:24 184

Кейінгі тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 20 адам қайтыс болды.

17 науқас коронавирустан, үшеуі пневмониядан қайтыс болғаны белгілі.

12 ақпандағы мәлімет бойынша, 62 801 адам коронавирус инфекциясынан 61 600 КВИ+ және 1 201 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

  • 7 653 пациент стационарда,
  • 55 148 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 364 адамның жағдайы ауыр,
  • 144 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 102 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.

2022 жылдың 12 ақпанындағы мәлімет бойынша, Қазақстанда I компонентпен 9 289 074 адам вакциналанса, II компонентпен 8 865 941 адам.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу