KZ
Өскемен
-31°
туман жел 1 м/с, С
518.39 603.09 6.68

Жұмада облыстың көп бөлігінде боран соғады

2.12.2021, 15:14 518

"Қазгидромет" филиалының ақпаратына сәйкес, 3 желтоқсан күні күндіз облыстың солтүстік-батысында тұман, көктайғақ болады.
Облыстың батысында, орталығында, шығыс бөлігінде боран соғады. Оңтүстіктен жел соғады, түнде батыста, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.
Бұрқасын соғып, тұман болып, көктайғақ кезінде көру нашарлайды. Жаппай жол-көлік оқиғаларының қаупі туындағандықтан кейбір жолдар жабылуы мүмкін. Сол үшін Төтенше жағдай департаментінің мамандары халыққа өте мұқият болуды ұсынады.  

- Осыған байланысты халық жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін барынша сақ болу және барынша қырағылық таныту қажет. Жүргізушілерді дауылды ескертуге немқұрайлы қарамауға, жолда жылдамдық режимі мен қашықтықты сақтауға шақырамыз. Автожолдардың жай-күйі, дауылдың алдын алу туралы ақпаратты "Дәрмен" тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы біле аласыз, - деп хабарлайды ведомства өкілдері..

Төтенше жағдай туындаған жағдайда шұғыл қызметтерге "112" телефоны бойынша хабарлаңыз.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу