KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
494.87 520.65 4.91

Тоқаев: АЭС құрылысы туралы шешім шығаруымызға тура келеді

19.11.2021, 16:13 162

Президент Қасымжомарт Тоқаев АЭС құрылысын қоса алғанда, Қазақстанда атом энергетикасын дамыту перспективалары туралы айтты, деп хабарлайды Ақорда. 

"Түптеп келгенде, біз бұл мәселеге қатысты нақты шешімге келеміз деп ойлаймын. Қазақстанда электр энергиясының тапшылығының алғашқы белгілері қазірдің өзінде байқалады. Әрине, электр қуатының жаппай жетіспеушілігі туындаған жоқ. Әзірге тепе-теңдік бар. Алайда алғашқы белгілері білінуде. Сондықтан болашақты ойласақ, біз атом станциясының құрылысына қатысты нақты шешім қабылдауымыз керек. Басшының міндеті де тиімді шешім қабылдау", - деді Президент.

Қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет пен "Самұрық-Қазына" қорына Қазақстанда қауіпсіз және экологиялық таза атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін зерттеуді тапсырған болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу