Риддерлік тұрғын елорда тұрғындарына 34 түп ұрланған шыршаны өткізбек болған
Ағымдағы жылдың 26 қазанында Риддер қаласы табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде рейдтік іс-шаралар өткізу барысында Нұр-Сұлтан қаласының 4 тұрғыны ұсталды, олар тиісті құжаттарсыз 34 дана «Сібір шыршасы» тұқымдас ағаштарын қазып алған.
Анықталғандай, күдіктілердің бірі Риддер қаласының 53 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол тиісті рұқсатсыз шырша қазуды ұйымдастырып, оларды елорда тұрғындарына сатпақ болған.
«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық тұлғалар анықталды, заттай дәлелдемелер алынды, келтірілген залалдың сомасы анықталуда», - ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Осы баптың санкциясы 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.