Зайсан көлінде рейд. Браконьерлер полицейлерден қашып жүр
20 қазан мен 19 қараша аралығында облыста «Браконьер» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.
Осы аралықта шеңберінде ШҚО көлдерінде табиғатты қорғау заңнамасының бұзу және табиғатты заңсыз пайдалануға бақылау күшейтіліп, рейдтер жүргізілуде.
- Жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері 280-нен астам әкімшілік бұзушылық анықталды, сондай-ақ рейд барысында 4 браконьер ұсталды, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды, - дп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Ағымдағы жылдың 20 қазанында «Зайсан» көлінің тыйым салынған аймағы учаскелерінің бірінде заңсыз балық аулаған Көкпекті ауданының 38 жастағы тұрғыны ұсталды. Дәл сол күні Алтай ауданының 33 жастағы тұрғынының көлігінінен заңсыз жолмен ауланған балық тәркіленді.
Жалпы алғанда олардан 300 килограмнан астам балық, сондай-ақ қажетті қайық, қайық моторлары, синтетикалық аулар, ескектер сияты балық аулауға қажетті құрал-саймандар тәркіленді.
«Барлық осы фактілер бойынша ұсталған адамдарға қатысты ҚР ҚК-нің 335-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның санкциясы 6 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді, - дейді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.