KZ
Өскемен
+2°
туман жел 1 м/с, С
488.91 532.62 5

ШҚО-ның 10 елді мекені су тасқынына қарсы жабдықтармен қамтамасыз етілді

12.10.2021, 15:11 162

Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамдарының Халықаралық Федерациясы БҰҰ-ның апаттар қаупін азайту жөніндегі Басқармасымен бірлесіп, Шығыс Қазақстанның он су тасқыны қаупі бар елді мекендерінің зілзалаларға тұрақтылығын арттыру жөніндегі жобаны іске асыруда. Еуропалық Одақ қаржыландыратын бұл жоба «Апаттарға төзімділікті арттыру және Орталық Азиядағы апаттар қаупін азайту жөніндегі Сендай бағдарламасын іске асыруды жеделдету»бастамасының бір бөлігі болып табылады.
Жоба барысында Қазақстанның Қызыл Жарты Ай қоғамы - халықты төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл дағдыларына, өз елді мекенінің осалдығын бағалауды қалай жүргізуге және апат жағдайына дайындық және ден қою жоспарларын әзірлеуге үйретеді. Тағы бір маңызды оқиға аймақтағы су тасқыны қаупі кезінде уақтылы әрекет ету үшін арнайы жабдықтармен және материалдармен жабдықтау болды. 10 елді мекенге генераторлар, мотопомпалар, шамдар, мегафондар, құтқару кеудешелері мен алғашқы көмек дәрі қобдишалары берілді.

«Біздің өңірде қамтылған негізгі аудандарда шамамен 27 су тасқыны қаупі бар учаскелер бар, сондықтан мұндай жоба апаттар қаупінің алдын алу және азайту үшін маңызды», - деп түсіндірді ШҚО ТЖД.

Сондай-ақ, жоба шеңберінде жоғарыда аталған елді мекендерде орналасқан ауылдық мектептерде ТЖ-ға дайындық және ден қою бойынша оқытудан өткен мұғалімдер қатарынан арнайы командалар құрылды, олар Білім министрлігімен, ЮНИСЕФ-пен және басқа да ұйымдармен бірлесіп, алдыңғы жобалар шеңберінде әзірленген ТЖ тақырыбы бойынша киім-кешекпен жабдықталып, материалдармен және жабдықтармен, оқу-әдістемелік және баспа материалдарымен жарақтандырылды.
Таңдалған 10 ауданда жобаны іске асырудың келесі кезеңі еріген суларды бұру, өзен арналарын тереңдету және нығайту сияқты митигациялық жұмыстарды жүргізу болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив