Алтайда тасқынның алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Алтай ауданында тасқынның алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ауданда БҰҰ-ның апаттар қаупін азайту жөніндегі кеңсесінің қатысуымен арнайы жоба іске асырылуда. Айталық, Грязнушка өзенінің арнасы тазартылды. Тұрғысын ауылында жалпы ұзындығы 1200 метр болатын арық жүйесі қалпына келтіріліп, екі өткел салынып жатыр. Бұл жұмыстар 530 адам тұратын 218 тұрғын үйді су басу қаупінен қорғайды.
Бірқатар елді мекен мектептерінің базасында төтенше жағдайларға дайындық және алғашқы көмек көрсету бойынша оқытудан өткен ТЖ командалары құрылып, арнайы жабдық және материалдармен қамтамасыз етілді.