Биыл Қазақстанда 1,1 млн тонна қант қызылшасын жинау жоспарланған
ҚР АШМ
Қант қызылшасының өнімін қант зауыттары толығымен қабылдайтын болады. Биыл елімізде қызылша өсіруден рекордтық көрсеткішті игеру жоспарланған. 1,1 млн тонна қант қызылшасын жинау жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда қарқынды егін жинау жұмыстары жүргізіліп жатыр,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform.kz сілтеме жасап.
Алайда, егінді қабылдау кезінде кезектердің пайда болуымен және і ұзақ күтуге байланысты қиындықтар туындап, бұл фермерлердің наразылығын тудырды. Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Жамбыл облысының әкімдігі жағдайды шешуге бағытталған бірқатар шаралар қабылдады.
Біріншісі-10 қазаннан бастап Меркі қант зауытының қант қызылшасын қабылдаудың тәуліктік қуаты қосымша төсеу машиналары есебінен 4,5 мыңнан 5,9-6 мың тоннаға дейін ұлғайтылды.
Екіншісі-Меркі қант зауытының акционерлерімен бұрын бекітілген кесте бойынша қант қызылшасын қабылдау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл фермерлердің қызылшаны өңдеуге жеткізуін реттеуге мүмкіндік береді.
Үшіншісі- 100 км-ден астам қашықтықтағы шаруашылықтарға көлік шығындарын өтеу үшін 3 теңге/кг төленетін болады.
Меркі зауыты биыл барлығы 450 мың тонна қызылша қабылдайды.
Бүгінгі таңда қант зауыттары 362 мың тонна қызылшаны (Меркі – 116 мың тонна, Көксу – 129 мың тонна, Ақсу – 117 мың тонна, оның ішінде Жамбыл облысынан 9,6 мың тонна) өңдеуге қабылдады.
Үкімет Қазақстанда өндірілген қант қызылшасының барлық көлемін Қазақстанның қант зауыттарында қабылдауына кепілдік береді.