KZ
Өскемен
-13°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СШ
517.66 606.49 6.44

Биыл елімізде қант тапшылығы бола ма?

Фото: depositphotos.com

10.05.2024, 16:17 403 Ержан Әбіш

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров биыл елімізде қант тапшылығы болмайтынын айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда қанттың қажеттілігі жылына – 550 мың тонна. Министрдің сөзінше, бүгінгі таңда 90 мың тонна қант бар.

– Одан бөлек 120 мың тонна қант квотамен алынады. Бұл өнім мамырдан бастап түсе бастайды. Сондай-ақ бажсыз кіргізілетін 300 мың тонна қант құрағы бар. Сондықтан бізге қант жетеді. Жақында мен Ресейдегі әріптесіммен қосымша тағы 80 мың тонна қант жеткізу туралы сөйлестім. Биыл қант 100 пайыз қамтылады, – деді министр үкіметтің баспасөз орталығында.

Сондай-ақ министр биыл қант бағасы көтерілмейді деп ойлайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу