KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность жел 1 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Браконьерлерден 8 тоннадан астам балық тәркіленді - ШҚО

6.09.2021, 17:15 313

ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы табиғатты қорғау полициясы бөлімінің қызметкерлері ШҚО мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасымен бірлесіп Сарыбел ауылы маңындағы Бұқтырма су қоймасының жағасында рейдтік іс-шаралар өткізу кезінде Көкпекті ауданының Көкжыра ауылының тұрғындарымен балық ресурстарын заңсыз өндіру фактісін анықтады.

48 және 49 жастағы ер адамдар «рипус» балығын заңсыз аулаумен айналысқан. Келтірілген шығын көлемі 359 841,12 теңгені құрады.

Оқиға орнынан тәртіп сақшылары салмағы 102,8 кг рипус балығын, «ВАЗ» автокөлігін, «ВАЗ» автокөлігінің тіркемесін, моторлы қайықты, ұзындығы 80 метр синтетикалық ау табылды.

- 2021 жылдың басынан бастап табиғатты қорғау полициясы бөлімшелерімен 1 190 рейдтік іс – шара өткізілді, нәтижесінде 1 258 экологиялық құқық бұзушылық анықталды, олар бойынша 40 сотқа дейінгі тергеу басталды және 1 218 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 8052,0 кг заңсыз ауланған балық, сондай-ақ 318 құқық бұзушылық құралы тәркіленді. Бұдан басқа заңсыз дайындалған 141,8 текше метр ағаш тәркіленді. Мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасы шамамен 20 млн. теңгені құрады, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі. 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігі 4-тармағы «балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу