KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
517.66 606.49 6.44

Өскеменде өрттен денесін күйік шалған әйел жансақтау бөліміне жатқызылды

6.09.2021, 16:48 813

Өскемен қаласында өрттен денесін күйік шалған әйел жансақтау бөліміне жатқызылды. 

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 5 тамызда түнгі сағат 03.00 шамасында Өскемендегі Петропавл көшесінде орналасқан жер үйде өрт шыққан. Оқиға орнына құтқарушылар келіп жеткенде қызыл жалын үйдің шатырын шарпып жатты. 3 адам өз беттерімен сыртқа шығып үлгерген. 

«Тілсіз жаудың жалпы ауданы 80 шаршы метрді құрады. Өртті ауыздықтауға жеке құрамнан 18 адам мен 5 техника жұмылдырылды. Үй иесінің денесін күйік шалған. Қазіргі уақытта әйел аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды», – делінген ақпаратта.

Алдын ала мәлімет бойынша оттың шығуына – электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамау себеп болуы мүмкін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу