KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, В
504.76 593.8 6.5

Oблыс аумағындағы ауа-райы болжамы

20.12.2025, 09:30 149 Базарова Айгүл

«Қазгидромет» РМК Шығыс Қазақстан облыстық филиалының мәліметінше, 20 желтоқсанда облыстың солтүстік өңірлерінде аздаған қар жауады деп күтіледі. Сондай-ақ солтүстік, шығыс және оңтүстік аудандарда бұрқасын болады, деп хабарлайды Altainews.kz.

Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Жел шығыстан және оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жел екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді.

Өскемен қаласында да бұрқасын болжанып отыр. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, екпіні 15–18 м/с болады.

Осыған байланысты Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады. Мамандар ауа райының қолайсыз кезеңінде ұзақ сапарларды жоспарламауға, ал жолға шығу қажет болған жағдайда мұқият дайындалуға кеңес береді. Сонымен қатар жүргізушілерге жылдамдық режимі мен арақашықтықты сақтау ескертіледі.

Жаяу жүргіншілерге тайғанақ жолда абай болу, асықпай қозғалу ұсынылады. Қатты жел кезінде электр сымдары мен бос тұрған заттардан алыс жүру, автобус аялдамаларының артына немесе ағаштардың астына тығылмау қажет.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне хабарласу керек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу