KZ
Өскемен
-40°
туман жел 1 м/с, СШ
512.16 594.72 6.57

5 мамыр – Дүниежүзілік акушер күні

5.05.2025, 14:30 352 Гульжан Мусина

Бүгін біз жаңа өмірдің бастауында тұратын жандар — акушерлердің кәсіби мерекесін атап өтеміз. Сәби күлкісінің естілуіне себепкер мамандарға алғыс білдіретін ерекше күн бұл, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Қазақстанда жыл сайын орта есеппен 370 мыңға жуық босану қабылданады. Әрбір ананың толқынысты сәтінде жанынан табылатын, қолдау көрсетіп, денсаулық пен қауіпсіздіктің кепілі болатын – осы акушерлер. Олар жүкті әйелдерге тек медициналық емес, психологиялық және моралдық қолдау көрсетіп, ерекше жауапкершілік жүгін арқалап келеді.

Акушерлердің көмегінсіз өмір есігін ашатын сәттің қалай өтетіні көзге елестеу мүмкін емес. Олар – ақ халатты батырлар, олар – отбасына бақыт сыйлаушылар.

Қазақстандағы босандыру жүйесі:

    •    Елімізде 240 босандыру ұйымы жұмыс істейді, оның ішінде:
    •    58 перзентхана;
    •    37 перинаталдық орталық;
    •    Амбулаториялық көмек:
    •    810 әйелдер консультациясы;
    •    1 282 дәрігерлік амбулатория;
    •    790 фельдшерлік-акушерлік пункт қызмет көрсетуде.
    •    Ел бойынша 9 мыңнан астам акушер еңбек етеді:
    •    64%-ы қалада;
    •    36%-ы ауылда.
    •    Перзентханаларда – 3 740 акушер,
Алғашқы медициналық-санитариялық көмек мекемелерінде – 3 675 акушер жұмыс істейді.
    •    600-ден астам акушер шалғай елді мекендерде қызмет көрсетуде.

Халықаралық акушер күні алғаш рет 1987 жылы ұсынылып, 1992 жылдан бастап ресми аталып өтуде. Бүгінде бұл күнді әлемнің 50-ден астам елі тойлайды. Қазақстан үшін де бұл күннің маңызы зор – өйткені әрбір жаңа өмірдің жарық дүниеге келуінің артында кәсіби біліктілік пен мейірімге толы жүрек иелері – акушерлер тұр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу