KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
440.92 475.36 4.82

Перзентханаларға қан тоқтататын киімдер әкеліне бастады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

28.04.2024, 21:00 68 Назерке Каримова

Пневматикалық емес шокқа қарсы киімнің алғашқы 9 костюмі Астана қаласының босандыру ұйымдарына берілді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ақпаратына сүйеніп.

Жүкті әйелдерге, босанатын әйелдерге және босанған әйелдерге медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халықаралық тәжірибе зерделеп, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) соңғы ұсынымдарын ескере отырып, өзгерістер енгізілді.

- Жаңартылған хаттаманың шеңберінде босанғаннан кейінгі қан кету кезінде әйелдердің жағдайын тұрақтандыруға бағытталған медициналық алғашқы көмек көрсетудің жаңа тәсілі енгізілді. Яғни, ендң шокқа қарсы пневматикалық емес киімдерді қолданылатын болады, - деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.


"Ayala" қайырымдылық қорымен бірлесе отырып, пневматикалық емес шокқа қарсы киімнің алғашқы 9 костюмі Астана қаласының босандыру ұйымдарына берілді. Барлығы "Ayala" ҚҚ 240 медициналық босандыру мекемесі мен еліміздің барлық өңірлеріндегі 90 жедел медициналық жәрдем бригадасына 350 бірлік киім берілетін болады.

- Шокқа қарсы киім репродуктивтік денсаулық, аналар, жаңа туған нәрестелер мен балалар денсаулығы саласындағы негізгі араласулар үшін ДДҰ, ЮНИСЕФ және БҰҰ-ның халық саласындағы қорының (ЮНФПА) ведомствоаралық медициналық бұйымдар тізіміне енгізілген. Бұл киім жатырға қан ағымын азайтады, гиповолемиялық шокты емдейді және 48 сағатқа дейін қан кетуі бар әйелдің өмірін сақтай алады, - деп хабарлады министрліктегілер. - Озық ғылыми зерттеулерден алынған бұл инновациялық технология асқынулардың алдын алуға көмектеседі және бүкіл әлемдегі көптеген пациенттің өмірін сақтап қалады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив