Шешек асуының шырайы кірді
Өскемен қаласына Самар ауданы жағынан кіргендегі Шешек асуы аумағын абаттандыру жұмыстары толық аяқталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Мұнда автотұрақтар, кәуап дайындайтын аумақтар, айналаны тамашалау алаңқайы, демалыс орындары, балалар және спорт алаңдары жасақталған. Жиыны 120 жарық беру нүктесі мен заманауи санитарлық модульдер орнатылды.
Бүгінде аталмыш демалыс аумағы өскемендіктер мен қала қонақтарын, басқа да келушілерді қабылдауға толықтай дайын.
Алмат Талғатұлының айтуынша, келер жылы бұл маңда шағын кәсібін жүргізем деген кәсіпкерлерге де рұқсат берілмек. Оларға қалалықтарға қолайлы демалыс сыйлап, спорттық жабдықтарды жалға беруді, шағын дәмхана ашуды, атпен серуендеуді, стюбтер мен шаналарды жалға беруді ұйымдастыруға мүмкіндік бар.
Дәурен Аллабергенұлы
Фото: Жібек Нұрахмет






