KZ
Өскемен
+13°
небольшой проливной дождь жел 5 м/с, ОШ
442.05 474.14 4.74

Өскемен жастары Шешек асуындағы бұлақтың көзін ашты

18.04.2024, 12:11 55 Оразай Жеңісұлы

Өскемен қаласының жастар ресурстық орталығының еріктілері мен белсенділері «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, Шешек асуындағы бұлақтың айналасын тазартты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қала шетіндегі Шешек асуы өскемендіктердің сүйікті демалыс орындарының бірі. Жолаушылар мен саяхатшылар да бұл жерге аялдамай өтпейді. Сондықтан мұнда қоқыс та аз емес. Дегенмен қала жастары бұлақтың айналасын әп-сәтте жайнатып жіберді.

– Мұндай акцияларды әрдайым қолдаймыз. Жауапты әрі еңбекқор жастардың әрекеті көңілге қуаныш ұялатады, – деді Өскемен қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы Әлібек Тұрсымбетов.

Бөлім басшысы алдағы уақытта Шешек асуына аялдаған жолаушылар тазалыққа көңіл бөледі деген үмітте.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив