KZ
Өскемен
-6°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
515.02 604.22 6.5

Қазақстанда «Tomiris» әйелдер көшбасшылығын дамыту жобасының IV легі басталды

4.11.2025, 10:30 159 Базарова Айгүл

Астанада Қазақстанның төрткүл тарапынан келген 60 белсенді әйел «AMANAT» партиясының «Tomiris» әйелдердің саяси көшбасшылығын дамыту жобасы аясындағы оқу курстарын бастады, деп хабарлайды Altainews.kz.

Жобаның ашылу рәсіміне «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы ДәулетКәрібек, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззат Сүлеймен, Конрад Аденауэр қорының Қазақстандағы өкілдігі директорының міндетін атқарушы ВикторФранк қатысты.

Жиынды ашқан партияның Атқарушы хатшысы әйелдердің құқықтарын қорғау, отбасылық құндылықтарды нығайту және гендерлік теңдікті ілгерілету мәселелері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айрықша назарында екенін атап өтті.

«Бүгінде әйелдер қоғамдық өмірге белсене араласып қана қоймай, Әділетті Қазақстанның болашағын қалыптастырып отырған негізгі қозғаушы күшке айналды. Олар басшылық лауазымдарда қызмет етіп, қоғамды өзгертуге бағытталған бастамаларды жүзеге асырып келеді. Әйелдердің экономика, саясат және әлеуметтік салалардың дамуына қосқан үлесі айтарлықтай артып отыр. Ең маңыздысы – олар шешім қабылдау үдерісіне қатысып, азаматтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған оң өзгерістердің бастамашысы болуда. Ел халқының шамамен жартысын (51%) әйелдер құраса, «AMANAT» партиясында олардың үлесі бұдан да жоғары – 62%», – деді ол.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу